Антивирустық қорғанысты алғашқы рет орналастыру

Бұл бөлімде, клиент құрылғысына Желілік агент нұсқасы мен Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасын орнату кезіндегі трафик шығыны келтірілген (төмендегі кестені қараңыз).

Желілік агент, Басқару сервері орнатуға қажетті файлдарды клиент құрылғысындағы ортақ қатынасы бар қалтаға көшіру кезінде күшпен орнату арқылы орнатылады. Орнатып болғаннан кейін, Желілік агент Басқару серверімен орнатылған қосылымды қолдана отырып, Kaspersky Endpoint Security for Windows дистрибутивін алады.

Трафик шығыны

 

Сценарий

Желілік агентті бір клиент құрылғысы үшін орнату

Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасын бір клиент құрылғысы үшін орнату (жаңартылған дерекқорлармен)

Желілік агент пен Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасын бірлесіп орнату

Клиент құрылғысынан Басқару серверіне дейінгі трафик, КБ

1638,4

7843,84

9707,52

Басқару серверінен клиент құрылғысына дейінгі трафик, КБ

69 990,4

259 317,76

329 318,4

Жалпы трафик (бір клиент құрылғысы үшін), КБ

71 628,8

267 161,6

339 025,92

 

Желілік агенттерді клиент құрылғыларына орнату үшін басқару тобындағы құрылғылардың бірін тарату нүктесі ретінде тағайындауға болады. Ол орнату пакеттерін тарату үшін қолданылады. Бұл жағдайда, антивирустық қорғанысты алғашқы рет орналастыру кезінде жіберілетін трафик көлемі, көп мекенжайлы IP таратылымының қолданылып-қолданылмайтынына байланысты айтарлықтай ерекшеленеді.

Көп мекенжайлы IP таратылымын қолданған жағдайда, орнату пакеттері басқару тобындағы барлық қосылған құрылғыларға бір рет таратылады. Осылайша, жалпы трафик шамамен N есе азаяды, мұндағы N – басқару тобында қосылған құрылғылардың жалпы саны. Көп мекенжайлы IP таратылым қолданылмаса, жалпы трафик Басқару серверінен дистрибутивтерді жүктеп алу трафигіне сай келеді. Бұл арада, орнату пакеттерінің көзі – Басқару сервері емес, тарату нүктесі болып табылады.

Басына оралу